Десантшылар әлем чемпионатынан жеңіспен оралды

Кір тасын көтеруден дүниежүзілік жарыс Қырғызстанда өтті. Оған 30 шақты мемлекеттің спортшылары қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде Дастан Әблезов 85 келіде сынға түсті. Ол 10 минут ішінде 24 келілік гір тасын 150 рет көтеріп, қола жүлде иесі атанды. Ал 68 келіде өнер көрсеткен Ержан Төлеубаев 10 минутта 24 киллограмдық гірді 94 рет көтерген. 

Осылайша қарсыластарының бәрін қапы қалдырып, әлемде үздік екенін екінші рет дәлелдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы