Десантшы жауынгерге жаңа туған нәрестесін көруге демалыс берілді

Қарулы күштердің әскери қызметшісіне жаңа туған қызын көру үшін демалыс берілді. Әскери бөлім қолбасшылығының бұл шешіміне жас әкенің қызметтегі жетістіктері әсер еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен жылдың күзінде мерзімді қызметке шақырылған Даниил Пазухин үйінде тек сүйікті жарын ғана емес, туылмаған баласын да қалдыратынын білмеген еді. Ол Талдықорғаннан астаналық десанттық-шабуылдаушылар құрамасына қызмет етуге шақырылған болатын.

Мектепте мен Қапшағай қаласындағы 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау құрамасы жанындағы "Каскад" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі болдым. Содан бастап мен де десантшы болуды армандадым. Мен армиядағы қызметке саналы түрде дайындалдым, спортпен шұғылдандым, денсаулығымды қадағаладым, Өйткені мен "қанатты қырандар" сапында қызмет етуге тек мықты, дені сау және қатал жігіттер қажет екенін білдім,- дейді  десантшы жауынгер.

Қатардағы жауынгер Даниил Пазухиннің күш-жігері бекер болған жоқ. Өзінің бөлімшесінде ол жауынгерлік даярлықта үздік нәтижелер көрсетіп, озаттардың бірі болып табылады. 

Василина деп аталатын қыздың дүниеге келгенін алғашқы болып взвод сержанты Евгений Финк естіген еді. Сондай-ақ, ол бұл жаңалықты жас әкеге хабарлап қана қоймай, бөлімше командиріне қарапайым баланың тууына байланысты демалыс беру туралы өтініш білдірді. 

Алматыдағы вокзалда Даниилді әкесі мен атасы қарсы алды.  Ал үйде әйелі мен жаңа туған қызы күтіп отырды. 

Маған бірнеше ай қызмет ету қалды.  Қазан айының соңында қызметтен босату туралы бұйрық шығады. Мен әскери қызмет мерзімінің соңына дейін қызмет етуге үлкен ықыласпен және құлшыныспен қараймын. Әскери бөлімнің қолбасшылығына қысқа мерзімді демалыс бергені және қызымды көруге мүмкіндік бергені үшін өте ризамын, - дейді жас әке.

Мерзімді әскери қызметтен кейін Даниил Пазухин келісімшарт бойынша десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызметін жалғастыруға ниетті. Оның айтуынша, армия ол үшін екінші үйге айналған. Ал әскери қызметшінің өмір салты нағыз ер адамға лайық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы