Бізде деректану ғылымы кенжелеп қалған – Жолдасбеков

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астанада «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» еңбегіндегі инновациялық тұжырымдамалар» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков елімізде деректану ғылымының кенжелеп қалғанын айтты.

«Мен Елбасымен таяуда кездестім. Сонда Елбасы «мақаланы оқыдыңыздар, ендігі кезекте не істеп жатырсыздар?» деп сұрады. Мен не істеп жатқанымды айттым. Сіздерге де айтып өтейін. Бізде деректану ғылымы дамымай қалған. «Анау айтты немесе мынау айтты» деген аңызға, шежіреге сүйеніп сөйлейміз. Тарихтың бәрін де айналып келгенде жасайтын - өзіміз, яғни халық. Шежіреге сүйенгенімізбен, нақты деректерге баса маңыз беруіміз керек. Кезінде Елбасына тәуелсіздік дәуірінде мемлекеттің шежіресін жасамаймыз ба деген едім. Мемлекет басшысы сол кезде қолдау білдіріп, 14 томын шығарып, тұсаукесерін өткізген болатынбыз. Бүгінде соны елу томға жеткіздік», - дейді Мырзатай Жолдасбеков. 

Сондай-ақ Мырзатай Жолдасбеков біз әлі де болса өз құндылықтарымызбен мақтана алмай жатқанымызды, көп дүниені айта алмай жүргенімізді айтты. 

«Мен бір сапармен  Ашхабадқа бардым. Музейлерінде Күлтегін де түрікмен, Тоныкөк те түрікмен екені жазылған. Мен сонда, «әттеген-ай, біз осыны айта алмай отыр екенбіз ғой» деп ойладым», - дейді қоғам қайраткері.

Олжас Сәндібек

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы