Депутаттың ұлы екі жылға бас бостандығынан шектелді
Жоғарғы Сотта Нұрасыл Болатқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылдың қазан айында Алматы гарнизоны Әскери сотының үкімімен Нұрасыл Болат бұзақылық себептермен, ерлі-зайыпты О.Чернов пен А.Чернованың денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 1), 5) тармақтары бойынша сотталған болатын.
Сот үкімімен 500 АЕК (1 725 000 теңге) көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалған. Сондай-ақ жәбірленушілердің пайдасына әрқайсысы 500 мың теңге моральдық шығын және өкілдің қызметіне өтемақы төлеуге кеткен 1 600 000 теңге өндірілді.
Апелляциялық саты сот үкімін өзгертіп, Нұрасыл Болаттан жәбірленушілердің пайдасына апелляциялық сатыдағы сотқа қатысу үшін өкілдің қызметіне 400 000 теңге көлемінде шығын өндірілді.
Кассациялық сот отырысы жәбірленушілердің өтінішхаты бойынша өтті, олар сот актілерін өзгертіп, оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Қылмыстық істі қарау нәтижелері бойынша Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот актілерін өзгертіп, Нұрасыл Болатқа 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, сондай-ақ әрқайсысына 1 миллион теңгеге дейін моральдық залалдың өтемақы мөлшері өсті, - делінген хабарламада.
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы, қатардағы жауынгер Нұрасыл Болат жанжал болған күні әскери жарғыны бұзып, қалаға қашып кеткенін хабарлағанған болатын.
Бұған дейін ерлі-зайыпты заңгерлер Олег Чернов пен Анна Димитриевичті ұрып-соғу бойынша қозғалған қылмыстық іс халық назарын аударған болатын. Оқиға 2023 жылғы 10-11 ақпанға қараған түні Алматыда болған. Заңгерлерді шабуыл жасаған Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы, қатардағы жауынгер, 20 жасар Нұрасыл Болат екені анықталды.