Депутаттың бейнесі қандай болуы керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясының Саяси менеджмент мектебі праймеризге қатысушыларға арналған "Праймериз. Жария саясат. Депутаттың бейнесі қандай болуы керек?" деп аталатын оқу бағдарламасының басталатыны туралы ақпарат таратты, деп хабарланды партияның facebook желісіндегі ресми парақшасында.  

Құрметті достар! Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылғы 17 тамыз бен 3 қазан аралығында Nur Otan партиясының праймеризі өтеді. Оның басты мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарда партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды анықтау. Жаңа форматтағы партияішілік іріктеу партияның әрбір мүшесінің қатысуына мүмкіндік береді, - деп жазылған хабарламада. 

Егер праймериз жайлы, заманауи ақпараттық болмыс жағдайында жеке имиджіңізді басқарудың негізгі принциптері, саяси қарым-қатынас пен шешен сөйлеу дағдылары туралы жан-жақты білгіңіз келсе, Сіздерді осы оқу бағдарламасына қатысуға шақырамыз.   

Семинарларда белгілі саясаттанушылар, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, психологтар спикер ретінде сөз сөйлейді. Олардың ішінде Ермұхамет Ертісбаев, Айдос Сарым, Расул Жұмалы, Андрей Чеботарев, Саясат Нұрбек және басқалар бар.

Оқыту бағдарламасы онлайн режимде өтетін төрт модульден тұрады:

Бірінші модуль: Партияішілік іріктеу-праймеризін іске асыру механизмі. 
Екінші модуль: Праймеризді өткізудің халықаралық тәжірибесі. Депутаттың биліктегі рөлі мен орны. 
Үшінші модуль: Депутаттың бейнесі. Имидж және мінез-құлықтың тиімді үлгісін қалыптастыру. 
Төртінші модуль: Саяси шешендік.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы