Депутаттарға жалақы төлеуге қазынадан қанша қаржы бөлінеді?

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ведомство басшысы Сенат пен Мәжіліске қазынадан қанша қаржы бөлінетіндігіне қатысты сұраққа жауап берді. 

Мәжіліс пен Сенаттың депутаттарына қарастырылған қаражат – ашық ақпарат. Ол бюджеттің баптарында көрсетілген, ашық жариялауға жататын құжат. Онда Парламенттің екі палатасын қаржыландыруға 2023 жылға 6,5 млрд теңге қаражат бөлінген. Бұл сома депутаттардың жалақылары, іссапарға жұмсалатын шығындар, ұшақ билеттеріне, тәуліктік шығынға кететін қаржы қамтылған, - деп түсіндірді Қаржы министрі Сенаттың кулуарында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сенатта кенеттен қайтыс болған сенатор Гүлмира Кәрімованың депутаттық өкілеттілігі тоқтатылғаны туралы жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы