Депутаттарға қазіргі уақыт белдеуі ыңғайлы ма?
Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл менің немесе жекелеген депутаттардың көзқарасы емес. Бұл – ғылыми консенсус. Халықаралық альянстың уақытқа қатысты ұсынымдары, ғылыми тұжырымдамалары бар. Үкімет бұл шешімді менің депутаттық сауалыма бола жайдан-жай қабылдаған жоқ. Үкіметтік комиссия жұмыс істеді, бірнеше ғылыми мекеменің қорытындысы шықты. Комиссия менің депутаттық сауалыма дейін өз жұмысын бастады, - деді Еркін Әбіл Мәжілісте.
Депутат осыған дейін бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы болып, кейін ойын не себепті өзгерткенін түсіндірді.
Қолымда дәлелденген ғылыми зерттеулер болмағандықтан қарсы болдым. Қорытындымен танысып шықтым, онда адамдардың денсаулығына әсері туралы жақсы талдау бар. Сонымен қатар қазір кейбір еуропалық елдерге қатысты табиғи уақытқа оралу туралы ұсынымдар айтылып жатыр. Яғни талтүс 12 сағат болу үшін жазғы-қысқа уақытқа ауыспау дегендей. Бұл – табиғи уақыт. Қазақстанда табиғи уақыттың жақтаушылары бар, - деп айтты Әбіл.
Мәжілісмен қазіргі уақыт белдеуі оған ыңғайлы екенін жеткізді.
Біз бұған дейін жаңа уақыт белдеуі мектепке қалай әсер етіп жатқаны туралы жазған едік.