5 Ақпан 2025 2025, 10:26 Фото: Мәжіліс

Депутаттар жаңа заңдарды жұмысқа алды

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады.

Олар: 
– Топырақты қорғау туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер; 
– Жасанды интеллект туралы заң жобасы мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулер;
– Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске көмірсутектер мен уран саласындағы жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
– Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау жобасы.