Депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды
Мәжілістің жалпы отырысында палата комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
- машина жасауды дамыту мәселелері туралы;
- жол қауіпсіздігін цифрландыру және жүргізушілерді даярлау саласындағы кәсіпкерлік қызмет туралы;
- ҚР мемлекеттік қызметі туралы және оған ілеспе түзетулер;
- 2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы;
- 2015 жылғы 15 қыркүйектегі Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы;
- инвестициялық қорлар туралы және оған ілеспе түзетулер;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған Хаттаманы ратификациялау туралы.
Бұған дейін Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы заң жобасын экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті жұмысқа алғанын жаздық.