3 Қыркүйек 2025 2025, 10:41
Фото: Мәжіліс Баспасөз қызметі
Депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Олар мынадай құжаттар:
- “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сайлауды жетілдіру мәселелері жөніндегі ілеспе түзетулер;
- 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы;
- Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы;
- Цифрлық кодекс жобасы мен оған ілеспе түзетулер;
- “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” заңға енгізілетін түзетулер;
- Қырғызстанмен және Мароккомен бірқатар халықаралық шартты ратификациялау туралы заң жобалары.