28 Мамыр 2025 2025, 10:14
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды
Мәжілістің жалпы отырысында палата комитеттері бірқатар ратификациялық жобаны жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында палата комитеттері бірқатар ратификациялық жобаны жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Олар:
– Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы "Челябі мемлекеттік университеті" жоғары білім берудің федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі Қостанай филиалының жұмыс істеуі туралы келісім;
– Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы Қазақстаннан келген жұмыскерлерді Қатарда жұмысқа орналастыруды реттеу жөніндегі келісім;
– 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан мен Қырғыз үкіметтері арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу жөніндегі хаттама;
– Қазақстан мен Түрікменстан үкіметтері арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім.