Депутаттар зейнетақы мен әлеуметтік төлемді инфляциядан жоғары деңгейге индекстеуді ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Депутат Аманжан Жамалов Мәжілістің жалпы отырысында зейнетақы мен әлеуметтік төлемді инфляциядан жоғары деңгейге индекстеуді ұсынып, Премьер-министрге депутаттық сауал жолдады.

Ресми статистика бойынша былтыр инфляция 8,4%-ды құрады. Нақты инфляция әлдеқайда жоғары. Бұл жерде алданудың қажеті жоқ. Коммуналдық қызметтер үшін төлемдер қазақстандықтардың бұрынғы дәуірге оралуға деген ықыласын тудыруда. Егер сіз дүкендердегі бағаларды қарасаңыз, қарақұмық жармасын қарақұмық уылдырығы, ал тауық жұмыртқаларын Фаберже жұмыртқалары деп атауларын ауыстырудың уақыты келген сияқты, - дейді мәжілісмен.

Оның сөзінше, Ұлттық банктің сауалнама жүргізулері бойынша халықтың 58%-ы бағалар 16-20%-ға және одан да көп өсті деп санайды.

Үкімет 180 күн мерзімге сұйытылған газдың, бензиннің және дизельдің бағаларын реттеуді, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша бағаны реттеуді, 180 күн мерзімге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізді.

Бұл дұрыс, бірақ уақытша шаралар. Инфляция - жаһандық проблема. Тіпті дамыған елдер де бағаның жоғары өсуіне тап болды. АҚШ-та алғашқы 40 жылда инфляция 7%-ды, Германияда 6%-ды құрады. Энергия тасығыштардың әлемдік бағасының өсуімен минералды тыңайтқыштар өндірісі қымбаттауда, азық-түлік бағасы да өсуде. Бүгінде әлемде инфляцияға азық-түлік тауарлары негізгі үлес қосуда. Қазақстан алдағы уақытта да қымбаттайтын азық-түлік өнімдерінің импортына әлі де тәуелді. Қазақстандағы азық-түлік тауарларының импорты 3 млрд АҚШ долларынан асады. Бұл инфляцияның тап сол көлемдегі сөзсіз импортын білдіреді. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін біз осы тауарларды Қазақстанда өндіруді және шығаруды жолға қоюымыз қажет.  Бірақ қазірдің өзінде халықты бағаның өсуінен қорғау бойынша шұғыл шаралар қажет, - деп айтты Жамалов депутаттық сауалында.

Ол бірнеше шара қабылдауды ұсынды.

Бірінші. Зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді инфляциядан жоғары деңгейге индекстеу қажет. 

Мұндай индекстеу ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өсуі арқылы мүмкін болады. Бұл әлеуметтік осал санаттар үшін негізгі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қымбаттауын өтеуге мүмкіндік береді.

Яғни, базалық зейнетақылар, мүгедектерге, асыраушысынан айырылған отбасыларға арналған жәрдемақылар, мүгедек балаларды тәрбиелеушілерге арналған жәрдемақылар мөлшері, атаулы көмектің көлемі ұлғаяды. Жалпы бұл 3 млн. қазақстандыққа қатысты болады. 

Ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерін 20%-ға, яғни 43 221 теңгеге дейін көтеру үшін шамамен 600 млрд теңге қажет болады. Бұл қаражатты дивидендтерді ұлғайту және квазимемлекеттік секторға (мысалы, ҚДБ) арналған шығыстарды оңтайландыру есебінен, жекешелендіруден және басқа да бюджеттік түсімдерден түсетін қаражат есебінен іздестіруге болады.

Екінші. Тарифтерді әлеуметтік төлемдерді индекстеу деңгейінен жоғары көтеруге тыйым салу енгізілсін. Сонымен қатар, монополистердің халықтың әлеуметтік осал санаттарына жалпы тарифтен төмен сараланған тариф белгілеуі міндеттелсін. Монополистердің шығыстарын тоғыспалы субсидиялау есебінен өтеуге болады.

Үшінші. Жоғарыда айтып өткенімдей, әлемдегі жағдай ең құнды тауарлар азық-түлік тауарлары болып табылатындай түрде қалыптасып отыр. Олардың бағасы екі таңбалы санмен өсуде. Өткен жылы қырыққабат 35%-ға, күнбағыс майы - 30%-ға, сәбіз - 26%-ға, тауық еті - 19%-ға, картоп - 19%-ға қымбаттады. Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Мұндай бағаның өсуіне ешқандай индекстеу мен жалақыны көтеру тосқауыл бола алмайды.

Бірінші кезекте, табысы төмен отбасыларға қиын болады. Статистикаға сәйкес отбасының әрбір мүшесіне есептегенде 
25 мың теңгеден төмен кіріс кіретін отбасылар аз қамтылған отбасыларға жатады. Халықтың мұндай санаты үшін экономика тұрақтанғанға дейін уақытша қазақстандық азық-түлік өнімдерін сатып алуға болатын тегін азық-түлік карталарын енгізуді қарастыру қажет, оларды енгізуді цифрлық әлеуметтік әмиянды енгізумен байланыстыруға болады, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы