Депутаттар Ыстықкөлдегі жер учаскелерін жалдау туралы келісімді ратификациялады

Мәжіліс 2009 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Үкіметі мен Қырғыз Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Ыстықкөл ауданындағы жер учаскелерін жалға беру туралы шартты және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2009 жылғы 1 желтоқсанда Астанада қол қойылған келісімге сәйкес, Қазақстан Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысындағы жерді 49 мерзімге уақытша пайдалануға қабылдады.

Бұл жер учаскелерінде Қазақ КСР салған төрт нысан: шипажай, екі демалыс үйі және спорт-сауықтыру базасы орналасқан.

Сонымен қатар шартта 2006 жылғы 4 шілдеде Астана қаласында қол қойылған Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектілеріне Қазақстан Республикасының меншік құқықтарын реттеу туралы келісімде белгіленген міндеттемелерді қамтамасыз ету қарастырылған. Келісім мәтіні Қазақстанның бұрын қабылданған міндеттемелерін орындау үшін инвесторларды тартуға мүмкіндік беретіндей етіп өзгертіліп, толықтырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы