Депутаттар Тоғжановқа жалдамалы жұмысшылар мәселесіне қатысты сауал жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары Үкімет мүшесі Ералы Тоғжановқа жалдамалы жұмысшылардың жағдайына қатысты сауал жолдады.

Депутат атағандай, жалдамалы жұмысшылар, еңбек адамдары – халықтың ең көп бөлігін құрайтын топ. Сөйте тұра, олар халықтың ең осал тобы болып саналады.

Орталық және жергілікті билік органдары еңбек құқықтарын қорғау мәселелерімен белсенді түрде айналысады. Бірақ олардың күш-жігері жұмыспен қамту бағдарламаларының статистикасын арттыруға, еңбек жанжалдарының статистикасын төмендетуге және әлеуметтік шиеленістің деңгейін көтеруге жол бермеуге бағытталған. Саясат дағдарысқа қарсы ден қоюдың таза ситуациялық режимінде құрылған, - деді ол.

Оның сөзінше, еңбек саласының ірі проблемаларын шешу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілмейді. Орташа және медиандық жалақыны арттыру, ЖІӨ-дегі еңбекақы үлесін көбейту, сапалы, өнімділігі жоғары жұмыс орындарының үлесін ұлғайту, еңбек нарығының құрылымын жақсарту бойынша нақты мақсаттар мен тәсілдер жоқ.

Еңбек жанжалдары, ең алдымен, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылық үшін қауіп ретінде қарастырылады. Бірақ жағдайға жұмысшылардың көзқарасы бойынша да қарау маңызды. Олар үшін негізгі қауіп – жұмыс бола тұра өз отбасын лайықты асырай алмау, балаларын оқытуға ақша жинай алмау, өз біліктілігіне барабар қосымша таба алмау. Ал мемлекеттің міндеті – осындай тәуекелмен күресу, - деп айтты депутат.

Өткен жылдың 3 тоқсанындағы деректер бойынша, Қазақстанның ЖІӨ-дегі еңбекке ақы төлеу үлесі 30%-ды ғана құрады, бұл дамыған елдерге қарағанда 2 есе төмен. Бұл ретте өнеркәсіпте еңбекақы төлеудің жалпы қосылған құндағы үлесі тек 17%-ға, ауыл шаруашылығында 23%-ға тең.

Теориядағы жұмыспен қамтудың икемді формалары бизнестің мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған. Бірақ іс жүзінде олар әлеуметтік кепілдіктерді барынша азайтуға мүмкіндік береді. Жалдамалы жұмысшыларды құқықтық қорғаудың өзі енді жеткіліксіз. Өйткені жұмыс берушілер еңбек жағдайларын нашарлатудың құқықтық негіздерін табуды үйренді. Бізге әділ еңбек жағдайлары саясаты қажет, - дейді депутаттар.

Қазақстан Халық партиясы әлеуметтік-экономикалық саясаттың басында еңбек адамы болуы керек деп санайды, өйткені ол қосымша құн жасайды.

Осыған байланысты депутаттардың ұсынысы:

Біріншіден, квазимемлекеттік секторда қарыз еңбегінің нысандарын қолдануды шектеу. Барлық еңбек делдалдарының қызметтеріне жүгінудің экономикалық орындылығын тексеру керек.

Екіншіден, еңбек құнын төмендетуді ынталандыру және жұмыспен қамтудың штаттан тыс нысандарына көшу саясатынан қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктер бере отырып, толыққанды еңбек қатынастарын көтермелеу саясатына көшу.

Үшіншіден, еңбек мәселелерінің өсіп келе жатқан өзектілігін ескере отырып, жаңа саяси институт – еңбек құқықтары жөніндегі уәкілді құру, ол қазақстандықтардың бұзылған еңбек құқықтары мен еңбек әділдігін қорғауға шоғырландырылуға тиіс, бұл мәселелерді техникалық жағынан емес, қағидатты түрде шешу маңызды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы