Депутаттар Темірхан Досмұхамбетовті бір минуттық үнсіздікпен еске алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар өмірден өткен қайраткер Темірхан Досмұхамбетовті бір минуттық үнсіздік жариялап, еске алды.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Темірхан Досмұхамбетовтің ел дамуына қосқан үлесін атап өтті.

1 қарашада белгілі мемлекеттік және саяси қайраткер, танымал тұлға, Парламент Мәжілісінің V шақырылым депутаты Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетов өмірден өтті. Темірхан Мыңайдарұлы Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына, туризм және спорт саласының өсіп-өркендеуіне үлес қосты, - деп айтты Мәжіліс төрағасы.

Ол Парламент депутаты болып, Қазақстанның заң саласының қалыптасуына да зор ықпал етті.

Қай жерде, қай қызметте болсын жұмысын үлкен абыроймен атқарған жұлдызы жоғары ардақты азамат болды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовтің ақжарқын, асыл бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады. Марқұмның отбасына және барша жақынына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтамыз, - деді Нұрлан Нығматулин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы