Депутаттар таксистерге қатысты өзгеріс әзірлеп жатыр

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласына өзін-өзі реттеу ұйымдарын енгізудің салдары бойынша жолдаған сауал жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат бұл мәселені Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға бағыттады.

Жұмыссыз жүрген жандар мен айлығы шайлығынан артылмайтын ағайын такси болып нәпақа таба бастағаны сол еді, уәкілетті министрлік бұл саланы "реформалау керек" деген бастамамен шыға келді. Министрліктің ойынша, енді әр таксист өзін-өзі реттеу ұйымына мүше болып, жарна төлеу керек екен. Депутаттар бұл нормаға қарсы шыққанда, министрлік жарнаны такси қызметімен айналысатын мобильді қосымшаларға тіркелген жеке кәсіпкерлер төлейді деді, - деп түсіндірді ол.

Бірақ депутат айтқандай, міндетті төлемдердің енгізілуі жолаушы тасымалдау қызметінің қымбаттауына әкеледі, жапа шегетін қарапайым халық.

Осы ретте такси және автобуспен жолаушы тасымалдайтын салаға өзін-өзі реттеу ұйымын енгізу, яғни СРО құрып, азаматтарды оның қатарына кіруге міндеттеу тұтас саланың бір қолға өтуіне, салдарынан монополияның орын алуына апарар жол. Біз "Аманат" фракциясының бір топ депуттары бұл қисынсыз шешімді тоқтататын нақты нормаларды заңға енгіздік, - деп Нартай Аралбайұлы депутаттар мен Үкімет өкілдерін осы түзетулерді қолдауға шақырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Мәдениет – ел айнасы
Өзгелердің жаңалығы