Депутаттар отандық кәсіпорындар өндіретін әскери техникалар көрмесін тамашалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 маусымда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттары Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс – өнеркәсібі кешені (ҚӨК) кәсіпорындарына барып, олардың жұмысымен танысты.
Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш іс-шара шеңберінде «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС-де ҚӨК отандық кәсіпорындарымен өндірілетін қару-жарақ және әскери техникасының көрмесі өтті.
Көрме барысында депутаттар «Еврокоптер Қазахстан инжиниринг» ЖШС, «Қазақстан авиациялық индустрия» ЖШС, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС, «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС және басқа да отандық кәсіпорындары шығаратын өнімнің үлгілерімен танысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы