Депутаттар көлік жүргізушілеріне жақсы жағдай жасап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатында «Жол жүрісі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Бұл заң бірқатар Парламент депутаттының бастамашылығымен әзірленген.

Заң жобасында Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті өзімен бірге алып жүруді талап ететін норманы қолданыстағы заңнамадан алып тастау көзделіп отыр.Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен, Қазақстан Республикаксында берілген жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті өзімен бірге алып жүруді талап ететін нормалардың сақталмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастау ұынылады,- дейді жұмысшы топтың атынан сөйлеген сенатор Нұрлан Бекназаров.
Бірақ заң жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды екен. Яғни олар өзімен бірге барлық қажетті құжаттарды алып жүруге міндетті.

Ол интернетке байланысты, басқа да электрон жүйелері бойынша сұрақтар туындағанын айтты. Алайда мәселе бойынша ішкі істер органдары толық дайын екені жөнінде сенімді түрде түсіндірді деп отыр.

Айта кетейік, ҚР Ішкі істер министрлігінің ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, соңғы үш жылда елімізде 45950 жол көлік оқиғалары орын алған. Соның салдарынан 60469 адам әр түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алып, 6498 адам қаза болған.

Заң жобасы Сенаттың бірінші оқылымында мақұлданды. Енді екінші оқылымда талқыланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы