Депутаттар кітапханаларды қолдайтын заңды қарайды

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олар мына құжаттар:
– Мәдениет және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
– Қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы.

Мәдениет және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында қандай нормалар қарастырылатынын депутат Асхат Аймағамбетов айтып берді.

Сөзінше, бұл заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленіп отыр.

Заң жобасы мәдениет пен білім салаларын ары қарай дамытуға бағытталған. Жобада кітапханаларды қолдау бойынша арнайы норма бар. Сонымен қатар балабақшаларды салу мақсатында міндетті түрде жер учаскелерін алдын ала бөлу туралы норма да қарастырылған. Әлеуметтік инфрақұрылым үшін бекітілген жерлерді басқа бағытқа өзгертпеу мәселелерін нақтылайтын норма мен дарынды балаларды қолдауға арналған норма бар, - деп айтты депутат.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы