Депутаттар қарызға белшесінен батқандарға рақымшылық жасауды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Депутат Азамат Әбілдаев банктер алдында халықтың қарызы күн сайын көбейіп бара жатқанын айтты.
Депутаттар сауалдарын Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа жолдады.
Қазақстан халқының банктер алдындағы берешегі күн сайын артып бара жатыр. Қазіргі уақытта халықтың 27%-ы банктерге борышкер. Ипотекалық несиедегі берешектері 2,716 трлн теңгеге жеткен. Тұтынушылық мақсаттарға алынған несие 5,19 трлн теңге болса, мерзімі өткен берешек 199 млрд теңге болған, - деді ол.
Оның сөзінше, елімізде заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заң бұрыннан жұмыс істеп келеді. Бірақ жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жоқ.
«Ақ жол» партиясы депутаттары бұған дейін де жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы керек деп жүргеніне 10 шақты жол болды. Бұл бастаманы сол кезде Қаржы министрлігі іліп әкеткенімен, әлі күнге дейін үнсіз қалып, Үкіметтен де қолдау таппай отырмыз. Ал халық қарызға белшесінен батып барады. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, бұл қоғамымызға қажет заң. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосамыз деп, жалғыз пәтерлерін кепілдікке қойып, несие алып, өз істерін бастаған азаматтардың бүгінде 90%-ы несиені қайтара алмай, банкрот болып отыр, - деп айтты Азамат Әбілдаев.
Депутат 28 жылда ұлттық валютамыз құнын 95 есе жолғалтқанын айтты. Яғни банк «тілімен» 9 500%-ға құнсызданған.
Банктер кепілдікке алынған мүлікті өздерінің ұнаған бағаларына сатып, қалған ақшаны борышкердің «мойнына» іліп қояды. Екінші дәрежедегі банктер Ұлттық банктің алдында провизия төлемес үшін бұл қарыздарды өздерінің жүйесінен жойып, коллекторлық компанияларына төменгі бағамен сатады. Бұдан жеке банктерді байытқаннан басқа, мемлекетке түсіп жатқан пайда жоқ, - деп атап өтті ол.
«Ақ жол» партиясы депутаттары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты қандай да бір оқыс оқиғаға ұшыраудың салдарынан қаржылық қиындыққа тіреліп отырған азаматтарымызға рақымшылық жасауды Парламентке қарау үшін жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын енгізуді және коллекторлық компанияларды тізгіндеуді сұрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сағынтаев: Алматы бюджетінің 47%-ы қалалықтардың әлеуметтік сұраныстарын шешуге жұмсалады
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы