30 Маусым 2025 2025, 11:36
Фото: Мәжіліс Баспасөз қызметі
Депутаттар каникулға шықты
Парламент палаталарының депутаттары каникулға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Парламент палаталарының депутаттары каникулға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті үшінші сессиясының жабылуы және парламенттік каникул туралы қаулы қабылдады.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті. Оның бір айында депутаттар өңірлерді аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдайды.