Депутаттар еліміздегі геодезия және картография саласындағы заңды мақұлдады
Бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысында «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Заң жобасының басты міндеті – Қазақстан Республикасының дәлдігі жоғары геодезиялық координаттар жүйесімен қамтамасыз ету және оның негізінде елдің бірыңғай цифрлық картографиялық негізін жасау. Негізгі заң жобасында геодезия және картография саласын жетілдіруге бағытталған нормалар көзделген. Олардың қабылдануы халыққа геодезия және картография, жер қатынастары, табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, - деді Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан.
Айтуынша, көрсетілетін қызметтің жеделдігі оның сапасын арттыруға оң сапасын тигізеді.
Ілеспе заң жобасы негізгі заң жобасында көзделген нормаларды қолданыстағы заң жобасымен сәйкестендіру, сондай-ақ олқылықтарды жою мақсатында әзірленді. Ілеспе заң жобасында 6 Кодекске және 10 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. ұғымдық аппаратты жаңа анықтамалармен толықтыруға, уәкілетті органның құзыретін нақтылауға, геодезиялық пункіттердің сақталуын қамтамасыз етуге, геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері мен Ұлттық кеңістіктік деректер қоры арасындағы жауапкершіліктің аражігін ажыратуға бағытталған түзетулер енгізілді. Геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру қағидаттары, мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі нақтыланды. Заң жобаларының жекелеген нормаларын қолданысқа енгізу мерзімдері белгіленді, - деп атап өтті депутат.