Депутаттар букмекерлік кеңсе атауын премьер-лигадан алып тастауды ұсынбақ
Бұл туралы Мәжілістің комитет отырысында депутат Нартай Аралбайұлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Мәжілістің комитет отырысында депутат Нартай Аралбайұлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Премьер-лигамыздың букмекерлік кеңселердің атымен аталуы ешкімнің ақылына кіріп-шықпайтын дүние. Ешқандай елдің, көрші елдерді, басқа да елдерді алып қарайық, премьер-лигасында ондай жоқ. Депутаттар заңға осы нормаларды ұсынады. Оны дайындап жатырмыз. Сондықтан сіз (Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев – ред.) нақты ұстанымыңызды айтсаңыз: букмекерлік кеңсені Қазақстан премьер-лигасының атауынан алып тастау туралы норманы қолдайсыздар ма, жоқ па? – деп сұрады Нартай Аралбайұлы министрлік өкілінен.
Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев депутаттың сұрағына жауап беріп, ұсынысты қолдайтынын айтты.
Әрине, ондай ұсынысты біз (Туризм және спорт министрлігі – ред.) қолдаймыз, - деп айтты вице-министр.
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған болатын.