27 Қараша 2024 2024, 10:10 Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Депутаттар бірқатар заң жобасын қарауға кірісті

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олар мына заңдар:

- "2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы;

- "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы;

- "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жағатын жылу электр орталықтарын салу жобалары туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы;

- "Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы.