Бүгiн 2026, 09:09 Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Депутаттар бірнеше жаңа заңды жұмысқа алды

Мәжіліске жаңа заң жобалары келіп түсті.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің салалық комитеттері жаңа құжаттарды жұмысқа қабылдады:

– Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері;
– «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасы және оған ілеспе түзетулердің екі пакеті;
– ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалануға бақылауды күшейту мәселелері бойынша Жер кодексіне енгізілетін түзетулер;
– Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Цифрлық экономика саласындағы әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы.

Оқи отырыңыздар: 

Вице-президент кім болады? Депутат негізгі талаптарды атады 

Енді Парламент Құрылтай болып өзгереді: Заң қабылданды