Депутаттар Балқаш көлінің таяздау қаупіне алаңдаулы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатор Рысқали Әбдікеров еліміздің Премьер-министрі атына Балқаш көлінің таяздану проблемасын көтеріп, депутаттық сауал жолдады.

Рысқали Әбдікеровтың айтуынша, көлдің негізгі саласы – Іле өзені. Ол резервуарға су көлемінің 70% дейін әкеледі. Алайда, өзеннің қалыпты ағу жылдамдығы секундына 400-500 текше метрді құрауы тиіс болса, қазір бұл көрсеткіш секундына 306 текше метрді құрайды.

Мұның мүмкін себептерінің бірі – көрші мемлекет аумағындағы өзеннің жоғарғы ағысында реттелуі. Балқаш көлінің жағдайына жауап беретін мемлекеттік органдардың жұмысында бірізділік жоқ. Соңғы 14 жылда көлді зерттеу бойынша кешенді зерттеулер іс жүзінде жүргізілмеген. Сондықтан көлдегі су деңгейінің өзгеруі туралы статистика жоқ, - деді ол.

Сенатордың пікірінше, жұмыстағы мұндай тәсіл болашақта экологиялық апатқа әкелуі мүмкін.

Іле өзенін ұтымды пайдалануға қатысты келісімді еліміз мүддесіне сай келетіндей етіп одан әрі пысықтауды, Балқаш көлін келешек үшін сақтау бойынша нақтыланған арнайы жоспар әзірлеуді, Іле өзені арқылы көлге құйылатын су мөлшерін арттырып, үнемдеу үшін өзенге салынған гидромелиоративтік жүйелерді қайта жаңартуды сұраймыз, - деді депутат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы