Депутаттар Алматыдағы тергеу изоляторындағы ұсталғандардың жағдайымен танысты

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты тергеу изоляторына Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, адвокаттар мен ардагерлер келіп, ұсталғандардың жағдайымен танысты.  

Парламент мәжілісінің депутаттары А. Линник, А. Қожахметов, Б. Дүйсенбинов, Г. Бижанова, В. Набиев, Н. Раззақ және Алматы қаласы мәслихатының депутаты А. Абылкасимова, адвокаттар Ж.Сапарханова мен Н.Жазылбеков тергеу изоляторының режимдік корпустарында болып, күдіктілердің жай-күйін көріп шықты.

Тергеу изоляторына келген депутаттар мен адвокаттарға Алматы қаласы прокурорының орынбасары Н. Ауғанбаев пен Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Д. Қанатбеков ЛА-155/18 мекеменің (тергеу изоляторы) қызметін ұйымдастыру және қаңтар оқиғасы кезінде қамалғандарды тергеп-тексеру тәртібі жайлы ақпарат берді.

Мәжіліс депутаттары тергеу изоляторындағы тексеруден кейін қаңтар оқиғасына қатысты ұсталған 11 күдіктіні жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады. Ұсталғандарды жеке қабылдау кезінде мекемедегі ұстау жағдайларына, оның ішінде азаптауларға қатысты шағымдар болған жоқ, дейді ЛА-155/18 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Ә. Жұмадиев.
 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы