Депутаттар Алматыдағы селден қорғайтын бөгеттердің құрылысын тексерді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы мәслихатының Көлік және коммуникациялар жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Есенгелді Талбидинов пен комиссия мүшелері Ақбөпе Абылқасымова мен Михаил Грачев Ақсай шатқалындағы селден қорғау платинасының, су бөгетінің және сүзгі станциясының құрылыс алаңдарын тексерді.
Мәслихат депутаттары өзінің Instagram аккаунтында Ақсай өзенінің жағалауын қайта құру және абаттандыру мәселесі туралы айтты.
Қазір өзен арнасын ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, судың жиі ластануына байланысты өзен арнасының бағытын өзгертіп жатырмыз, - деп жазды Есенгелді Талбидинов.
Тексеру барысында, депутаттар Ақсай өзені бассейніндегі бөгеттің құрылыс алаңын аралап көрді. Мұндай платиналардың мақсаты-қаланы селден қорғау. Ақсай немесе Үлкен Алматы сияқты өзендердің бассейндерінде таулы жақтарда қауіпі мүмкін болатын үш мореналық көл бар. Қазіргі уақытта платина құрылысына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғаев бөгет құрылысынан жоғары құбырды тартып, онда су қоршауын бастауды ұсынды. Бұл шамамен 5 шақырым. Қала әкімі бұл идеяны қолдады және құбыр құрылысы жақын арада басталады, ТЖ желісі бойынша ақшалай қаражат бөлінді. Олар құбыр төсеу үшін екі ай сұрайды. Барлығын қолмен жасауға тура келеді, техника ол жаққа көтерілмейді, жол жоқ, - деп жазды депутат Ақбөпе Абылқасымова.
Депутаттың айтуынша, Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша 10 000 текше метрге қосымша резервуар салу ұсынылды.
Тұрғындармен кездесу барысында, атқарылатын жұмыстардың жеке бақылауға алынғанын түсіндірдік. Сондай-ақ, аудан тұрғындарының ұсыныстары бойынша депутаттық сауал жолдаймыз. Халықты үнемі хабардар етіп отырамыз, - деп түсіндірді депутаттар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Отандық QazVac вакцинасы қауіпсіз - вирусолог
Өзгелердің жаңалығы