Депутаттар Алматыда жаңа дәрігерлік амбулатория орталығының құрылысымен танысты

Алматы қаласына Мәжіліс депутаттары «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айгүл Құспан мен Никита Шаталов заманауи отбасылық-дәрігерлік амбулаториялық орталыққа барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта Алматы қаласына қарасты Кемел ауданында 124 мың пациенті бар үш емхана ғана медициналық қызмет көрсетеді. Қалған 50 мың тұрғын көрші аудандарға медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр. Медициналық мекемелердің ең өткір тапшылығы дәл осы Кемел шағын ауданында, Саяхат автовокзалының жанында және Жұмысшы кентінің тұрғын алабында сезіледі.

Жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория жалпы практика дәрігерлерінің, педиатрлардың, акушер-гинекологтардың, отбасын жоспарлау, дені сау бала, дәрігерге дейінгі, рәсімдік және егу кабинеттерін қоса алғанда, медициналық қызметтер ұсынады. Мұнда біздің азаматтарға білікті медициналық көмек алу үшін барлық жағдай жасалады. Тұрғындар бұл амбулаторияны асыға күтетініне және барлық медициналық қызметтерді қуана пайдаланатынына сенімдімін, – деді Айгүл Құспан.

Қазіргі уақытта нысан 97%-ға аяқталды, жарықтандыру құрылғыларын әрлеу және орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жасалып жатыр. Нысанды тапсыру биылдың соңына дейін жоспарланған. Медициналық филиал ашылғаннан кейін Кемел шағын ауданының 22 000-нан астам тұрғыны өз аймағында білікті медициналық көмек ала алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы