Депутат жемқорлар туралы: Ұрлаған байлықтарын көрсетуден ұялмайды

Депутат Нұрлан Әуесбаев Үкімет басшысы сауал жолдап, елдегі жемқорлық мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сыбайлас жемқорлық туралы бірнеше рет мәселе көтерді. Соңғы екі сайлау науқаны барысында біз осы жағымсыз құбылысқа белсенді назар аудардық. Көптеген адам үшін сыбайлас жемқорлық – бұл уақытша нәрсе, тек белгілі бір қызметтер үшін шенеунікке ақша беру фактісі деп ойлайды, - дейді депутат.

Депутат бірақ объективті түрде қарасақ, сыбайлас жемқорлық – бұл бұзылып жатқан мектеп, аурухана, тұрғын үй кешені, жолдар және т.б. екенін айтты. Сапасыз, аяқталмаған немесе мүлдем жоқ әлеуметтік инфрақұрылым объектілері.

Сыбайлас жемқорлық тек қана экономикамызға емес, жалпы қоғамға үлкен залал келтіріп жатыр. Мұның бәрі сауатсыздықтың көрінісі емес, бұл ұрлық, схемалар, тайдырулар. Барлығы билік органдарынан бастау алып жатқаны жасырын емес. Соңғы жағдайлар Қазақстан азаматтарын дүрліктірді. Талдықорған қаласындағы бухгалтер бюджеттен ақша ұрлау есебінен 2 млрд теңгеге байыды және тағы 14 пәтер табылды. Алматы қаласында «арт Спорт» жобасы бойынша бөлінген 20 млрд теңгеден шамамен 2 млрд теңгесі ұрланды. Сыбайлас жемқорлықтың басқа да түрлері толып жатыр, - деп айтты ол.

Мысалы, Астана қаласының әкімдігі технологияларды бұза отырып, сапасыз салынған өзінің 100 нысанын белгіледі. Бірақ бұл ойға сиымсыз факт.

Шенеуніктің өзі Комиссия технологияның бұзылуымен, инженерлік желілердің жүргізілусіз салынған үйлерді қабылдағанын мойындап отыр. Немесе жыл соңында емханаларда тегін медициналық препараттардың жоқтығы. Барлығы есептелгенімен және барлық пациент есепте тұрғанымен мұның бәрі қайда кетіп жатыр? Айта берсек мұндай мысалдар өте көп. Бірақ, шын мәнінде, сыбайлас жемқорлық сіз бен бізден тек қана ақша ұрлап отырған жоқ, сыбайлас жемқорлық уақыт пен болашақты ұрлап отыр. Атап айтсақ, біздің балаларымыздың лайықты болашағын ұрлап отыр. Миллиардтарды ұрлағаны үшін адам 6 жыл алса, үш жылдан кейін мерзімінен бұрын босатылса, бұл әділетті ме? Ал журналистік қызметпен айналысатын адам 9 жыл ала алады? Бұл ретте, көптеген адам өздерінің ұрлаған байлықтарын көрсетуден ұялмайды. Бұл - халыққа түкіру. Сыбайлас жемқорлық – біздің ортақ жауымыз, - деп айтты Әуесбаев өз сөзінде.

Депутат атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар үнемі жарияланып жатыр, бірақ олар туралы есепті көрмейміз.

Біздің шенеуніктер халықтың қызметшісі ретінде емес, қожайын ретінде әрекет етсе, ешқандай сәтті реформалар мен әңгіме болуы мүмкін емес!
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының депутаттары келесіні талап етеді:
- жыл сайын Парламент Мәжілісінің алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламалардың орындалуы туралы есеп беру;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды азайту және жою жөніндегі жоспарларды алдын ала жазбаша түрде ұсыну.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы