Депутат университеттердің лицензиясын қайтарып алу жұмысын жалғастыруды ұсынды
Депутат осыған қатысты сауалды Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Осыған дейін Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында жоғары оқу орындары мен колледждердің лицензияларын кері қайтарып алуға байланысты бірқатар жұмыс жүргізілгенін еске сала кетейік.
Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан 2022 жылы университеттерді тексеруге осыған орай қанша бастамашылық жасалды? Қандай заң бұзушылықтарға байланысты қанша лицензия қайтарып алынды? – деді депутат.
Мысырәлімова Ғылым және жоғары білім министрлігі лицензияларды кері қайтарып алу бойынша басталған жұмысты жалғастыруы қажет деп санайды.
Дайындық бағыттары мен жоғары білім беру жүйесінде ЖОО-дың қолда бар лицензияларын кері қайтарып алуға байланысты ақпарат қолжетімді және ашық болуы керек. Сонымен қатар жоғары білім беру жүйесін цифрландыру жұмысын аяқтау қажет және лицензиялау туралы шешім қабылданғаннан кейін тиісті ақпаратты міндетті түрде жариялай отырып, берілетін жаңа лицензиялар бойынша жұмыстың жұртшылық үшін ашықтығын қамтамасыз ету қажет, - деп айтты АйнаМысырәлімова өз сауалында.