Депутат: Ұлттық санақ – кезекті бір науқаншылдық болмауы керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әріптесім Айдос Сарыммен Үкімет жетекшісі Асқар Мамин мырзаға алдағы Халық санағына байланысты арнайы сауал жолдадық. Фракция хаттамасына сәйкес бүгінгі "Ана тілі" басылымында жарияланды, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан.

2021 жылғы 29 қаңтарда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің үшінші отырысында халық санағын ұйымдастыру мәселелерін мазмұндық жақтан байыту керектігін айта келе, арнайы жұмыс тобын құруды тапсырған.

Санақ – Тәуелсіз мемлекеттердің тарихында әр 10 жыл сайын өтетін ірі саяси оқиға. Өз алдына жеке ел болғалы Қазақстан үшінші рет халық санағын өткізбек. Алдыңғы екі санақ түрлі саяси-әлеуметтік кезеңдерде және қалай өткені баршамызға мәлім.

Бұл - тек жан басы мен мал басын, жынысы мен тұрмысын қағазға түсіріп, қандай әлеуметтік топтар барын білу үшін ғана емес, саяси-тарихи әлеуметтік өзгерістерді сараптау, демографиялық жағдайды бағамдау, тілдік және діни қатынастарды зерттеу, ішкі-сыртқы миграция мен ассимиляцияны анықтау арқылы болашаққа бағдар, санақ мәліметтерін интеграциялап белгілі бір межеге саяси жоспар құру, - деп жазды депутат.

Осы кезеңге дейінгі түрлі әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани жобалар 2009 жылғы санақ пен динамикаға негізделген. Санақ кезінде нақты және жүйелі жүргізілген жұмыс өз кезегінде алдағы он жылдың негізгі базалық мәліметтері ретінде мекен-жай, баспана жағдайы, этно-мәдени сипат, білім мен сауат, көші-қон, неке, туу, ажырасу, жұмыспен қамту, салық, күнкөріс сынды сауалдан бастап, мәдени-әлеуметтік, саяси-экономикалық, тіпті мемлекеттің қауіпсіздігі бағытында болжам жасауға ықпал ететін үлкен оқиға.
Сол себепті өткен санақтардың қателіктерінен сабақ алып, санақ жүргізудің дәстүрлі әдіс-тәсілдерін қайта екшеп, заманауи мүмкіндіктерді басшылыққа алған лазым. Мысалы, 2009 жылғы санақта әртүрлі қателік орын алмай қалған жоқ. Мәселен, бірінші жарияланған мәліметте мемлекет құрушы қазақ ұлтының үлес салмағы 67 пайыз деп көрсетілсе, екіншісінде 63 пайызға дейін төмендетілді. Дәл сол уақытта орыстілді басылымдарда «славян тектес этностардың саны әдейі бұрмаланды» деген алыпқашпа ақпаратқа жол берілді.

Санақ нәтижелерінің күмән тудыруына себеп болған бірінші мәселе – жемқорлық, екінші – санақтың дұрыс жүргізілмегендігі. Мәселен, мекен-жайы өзгерген тұрғындарды екінші тұрғылықты орнына санақшылардың іздеп бармағаны ­туралы көп дерек кездесті. Және ішкі, сыртқы көші-қон жағдайымен жүрген азаматтар не санға, не санатқа кірмей қалды. Сол себепті..., - делінген жазбада.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы