Депутат: Ұлттық қордан алынған қаражат болашақ ұрпақтың несібесін жеп қоюмен пара-пар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Азат Сембинов Премьер-министрдің орынбасары Әлихан Смаиловқа депутаттық сауал жолдады. Ол Ұлттық қордағы қаражат мәселесін көтерді.
Биылғы бюджетті нақтылау кезінде шығыстарды өтеудің негізгі көздерінің бірі – қайтадан Ұлттық қордың 850 млрд теңге сомасындағы қаражаты болды. Жалғасып жатқан «коронакризис» және 10,6% мұнайсыз бюджеттің тапшылығы жағдайында, бұл шешімді мақұлдауға мәжбүр болдық, - деді ол.
Оның сөзінше, Ұлттық қордан алынған қаражат еліміздің болашақ ұрпақтарының несібесін жеп қоюмен пара-пар.
«Ақ жол» фракциясы бірнеше рет Норвегия мұнай қорының тәжірибесіне сүйенуге шақырған, яғни ағымдағы бюджеттік қаржыландыруға инвестициялық табыстың белгілі бір бөлігі ғана бағытталуы мүмкін, ал негізгі жинаққа ешкім қол сұға алмайды. Мысалы, алдыңғы дағдарыстан кейін Норвегия өзінің Мұнай қорының бар-жоғы 1-ақ пайызын жұмсаған, - деп атап өтті депутат.
Азат Сембинов Қазақстанның Ұлттық қорынан сол кезде 83 млрд доллар жұмсалғанын айтты. Егер 2001-2015 жылдары Ұлттық қорға 147 млрд доллар түсім түскенін ескерсек, онда Қазақстан бүгінгі дағдарысқа дейін Ұлттық қордың жартысынан астамын жұмсап қойған. «Ақ жол» фракциясы еліміздің болашақ ұрпақтарының игілігін ысырап етуді жөнсіз деп санайды.
Әсіресе, бұл шығындар аяқталмаған құрылыс объектілерінің бағаларынан бастап, оқушыларға бөлінген ноутбуктерді ұрлауға дейінгі жемқорлықпен байланысты болса. Осы негізде «Ақ жол» фракциясының депутаттары Ұлттық қорды сақтау және оны жинақтау функциясын іске асыру мақсатында айтылған кемшіліктерді ескере отырып, Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасын қайта қарауды ұсынады, - деді депутат өз сауалында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оқушылар болашақ мамандығын қайдан таңдай алады?
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы