Депутат Үкіметтен еліміздегі жалғыз шыны зауытына қолдау көрсетуді сұрады

Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев еліміздегі шыны шығаратын жалғыз зауыттың мәселесін Премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауалы арқылы жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат қаңтарда сайлаушылармен кездесіп, Қызылорда облысында орналасқан «Orda Glass Ltd» кәсіпорнының жұмысымен танысқанын атап өтті.

Ергешбаев айтқандай, «Orda Glass Ltd» кәсіпорны - еліміздегі жалғыз шыны зауыты. Жобаға инвесторлардың жеке қаражаты есебінен 46 млрд теңге құйылған, 373 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Зауыт іске қосылғаннан бері 173 мың тонна өнім шығарып, оның 70%-ы ішкі нарыққа сатылса, 30% көрші елдерге экспортталған. Бірақ қазіргі таңда шетелден келген шыны көбейді. Себебі өзге елдердің үкіметтері отандық тауар өндірушілерге қолдаудың әр алуаны механизімін жасап отыр. Мысалы, қосымша құн салығын қайтарып беру, газ бағасын арнайы тарифпен төмен беру т.б. Осындай мемлекеттердің отандық өндірушіні қорғау әрекеттері арқасында импортталатын шыны бағасы төмен, - деп айтты мәжілісмен.

Депутат Үкімет басшысынан жобаның еліміз үшін маңыздылығын ескеріп, отандық тауар өндірушілерге қолдау жасап, төмен бағамен келіп жатқан өнімдерге зерттеу жүргізіп, шара қолданып, мемлекет бюджетінен салынып жатқан құрылыс объектілеріне отындық шыныны пайдалануды талап ету арқылы, өзіміздің отандық өндірушіні қолдауды сұрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы