Депутат Үкіметке туристік навигация қосымшасын әзірлеу керектігін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дархан Мыңбай вице-премьер Ералы Тоғжановқа елімізде туристік маршруттармен саяхаттау кезінде адамдар тап болатын тәуекелдер мен қатерлерге қатысы депутаттық сауал жолдады.

Депуттаттың мұндай сауал жолдауына 25 мамырда Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында тауға шыққан Назарбаев университетінің 6 студентінен тұратын туристік топтың адасып кеткені себеп болған.

Оның айтуынша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы осы саланы дамытуға оң ықпалы тигізді. 

Онда қазіргі заманғы талаптарға сәйкес енгізілген өзгерістерден басқа, туристің қажеттіліктерін бірінші орынға қоятын жаңа терминдер мен ұғымдар да қосылған. Мысалы, «туристік маршрут» деген ұғым енгізілді. Ол туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолдары белгіленіп, оны туристік оператор әзірлейді және сол туристік қызмет объектілеріне бару-келуі, егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, көзделген объектілер, түнейтін, аяқ суытатын жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек және басқа да жағдайлар) осылардың барлығын қамтиды, - дейді Дархан Мыңбай. 
Оның айтуынша, туризм саласын цифрландыру оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Егер халықаралық тәжірибені ескеретін болсақ, онда еуропалық мамандар әртүрлі қосымшалар әзірлеген, олар сәтті енгізіліп, өз-өздерін ақтауда. 
Сонымен қатар Қазақстанда да цифрландырудың өзіндік бай тәжірибесі бар. Мысалы, көптеген қала мен елді мекендер шегінде маршруттар навигациясы тиімді жұмыс істейді. Ал бүгінде туристік навигация жүйесін, оның ішінде туристің онлайн навигаторын жедел енгізу қажеттігін жоғарыдағы жағдай, яғни өмірдің өзі талап етіп отыр. Жалпы туризмді цифрландыру ісі бірге еріп жүретін өзгелердің көмегінсіз де қозғалуға, кез келген тілде ақпарат алуға, жүзбе-жүз кездеспей-ақ, тек қана өз жеке смартфонды пайдалану арқылы төлемдерді жүзеге асырып, өзге де қажетті әрекеттерді жасауға мүмкіндік береді, - деді депутат. 

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ол мынандай ұсыныстарды айтып отыр: 

1) Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі мен Мәдениет және спорт министрліктері интеграцияланған туристік навигация қосымшасын әзірлеп, сондай-ақ оны басым туристік аймақтардың үздік ондығының бірінде (Алматы өңірінің тау кластері, Түркістан өңірі, Нұр-Сұлтан қаласы) пилоттық жоба ретінде іске қосу. 

2) Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазгидромет басқа да тиісті қызмет көрсететін мекемелер мен жергілікті атқарушы органдар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым жағдайды болғызбау үшін әлеуметтік желілерде, БАҚ арқылы туристік маршруттар бойынша щұғыл ауа-райы болжамы (мысалы, «Қазметеотур») басқа да сақтық шаралары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы