Депутат түнгі клубтар мен барларға қатаң талап енгізуді ұсынды

Сенат отырысында депутат Бибігүл Жексенбай қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік мәселелерін көтеріп, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Президенттің заңды сақтау, тәртіпті нығайту және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі үндеулеріне қарамастан, бұл саладағы ахуал әлі де күрделі болып отыр.

Мәселен, ойын-сауық индустриясындағы басты түйткілдерге лицензиялау саласындағы бақылаудың әлсіздігі, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің жиі бұзылуы, сондай-ақ клуб иелеріне қолданылатын қазіргі жазалау шараларының тиімді еместігі жатады.

Мысалы, ойын-сауық саласында негізгі проблемаларға лицензиялауды бақылаудың жеткіліксіздігі, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті жүйелі түрде бұзу, сондай-ақ клуб иелеріне қарсы қолданыстағы санкциялардың тиімсіздігі жатады.

2025 жылдың қаңтар–тамыз айларының өзінде, республика бойынша «102» жедел арнасына ойын-сауық орындарындағы құқық бұзушылықтарға қатысты 45 992 шағым түскен. Көптеген айыппұлдар мен әкімшілік хаттамаларға қарамастан, заң бұзушылықтар жалғасуда. Әлеуметтік желілерде бұл саладағы «көлеңкелі экономиканың» көріністері – заңсыз алкоголь сату, салықтан жалтару, жекелеген орындарды «қорғау» фактілері кеңінен талқылануда, - деп атап өтті Сенат депутаты.

Сенатор сондай-ақ түнгі клубтар мен ойын-сауық мекемелерінің қызметін қадағалаудағы әлемдік тәжірибеге тоқталды. Мәселен, Германияда мұндай орындардың лицензиясы жыл сайын қайта рәсімделіп отырады, ал қауіпсіздік талаптары бұзылған жағдайда ол бірден күшін жояды. 

Сингапурда клубтардағы бейнекамералар жазбасы полицияға тікелей онлайн жеткізіледі, ал шу шығарып, тәртіпті бұзған мекемелер ұзақ уақытқа жабылады. Біріккен Араб Әмірліктерінде клубтар салықтық әрі цифрлық қатаң қадағалауда болады, ал алкоголь өнімдері тек арнайы рұқсат болған жағдайда ғана сатылады.

Заңнамалық нормативтік толықтырулар арқылы түнгі клубтар мен барларды лицензиялау талаптарын қайта қарау; міндетті қауіпсіздік стандарттарын енгізу; мекеме иелерінің келушілердің өмірі мен денсаулығына жеке жауапкершілігін бекіту; жұмыс уақыты мен алкоголь сатуды бақылауға алу керек. Түнгі клубтар мен барлардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін құрылып, тексерулер мен анықталған заң бұзушылықтар туралы ақпаратқа заң аясында ашық қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс. Аталған нысандардың қызметін әкімдік, ІІМ, ТЖМ және салық органдары тарапынан ведомствоаралық бақылауды күшейтіп, мониторингтің цифрлық технологияларын енгізу керек, - деді Бибігүл Жексенбай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы