Депутат ШҚО тұрғындарының проблемасын тыңдады

Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында AMANAT партиясының қоғамдық қабылдауын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары депутатқа өзекті мәселелерін айтып, көкейлерінде жүрген ұсыныстарын бөлісті.

Тұрғындар тарапынан негізінен электрмен жабдықтау, білім беру және әлеуметтік мәселелер мен тұрғын үй мәселесіне қатысты сұрақтар қойылды.

Сонымен қатар электрмен жабдықтауға қажетті әртүрлі өнімдерді шығаратын Қазақстанға және одан тыс жерлерге танымал "Кэмонт" кәсіпорнының басқарушы директоры Б.Т. Спатаев болып, кәсіпорынның бүгінгі таңдағы ахуалы туралы айтып, қолдау сұрады.

Кәсіпорын трансформаторлық қосалқы станциялар және басқа да заттарды, сондай-ақ құрылысқа, орнатуға және жөндеуге қатысады.

AMANAT партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кәсіпорын басшысы маған Мәжіліс депутаты ретінде осы кәсіпорынның экономикалық жағдайын түзетуге жәрдемдесу туралы өтініш білдірді. Өйткені бүгінде мамандық бойынша 248 қызметкер жұмыс істейді. Жалпы қарыз шамамен 7 миллиард теңге, оның ішінде жалақы бойынша 710 млн теңге. Бұрынғы басшы Астана қаласындағы тергеу изоляторында. Жағдай күрделі. Жұмысты дұрыс қою арқылы бұл жағдайды реттеп, түзетуге болады. Облыс басшылығы тарапынын қолдау бар. Барлығымыз осындай бірегей кәсіпорынды қолдауымыз керек, - деді Ұлықбек Тұмашинов.

Депутат атап өткендей, еліміз трансформаторлық қосалқы станциялар сияқты маңызды өнім өндіретін кәсіпорындарға белсенді қолдау көрсетіп, осы салада білікті мамандар даярлауға күш салуы қажет.

Ұлықбек Тұмашинов өңірдің экономикалық өсуіне ықпал етіп қана қоймай, энергетика саласындағы қауіпсіздік пен тәуелсіздікті қамтамасыз ететін осындай кәсіпорындарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау қажеттігін де атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы