Депутат шетелден жоғары білікті мамандарды тарту үшін жағдай жасауға шақырды

Сенатор Амангелді Толамисов өзінің депутаттық сауалында технологиялар трансферін қамтамасыз ету үшін шетелден жоғары білікті кадрларды белсенді түрде тартуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Депутат халықаралық тәжірибені, атап айтқанда АҚШ-ты мысалға келтірді, онда жоғары білікті мигранттардың шамамен 40%-ы жұмыс табады. Көші-қон саясатының арқасында АҚШ сұранысқа ие мамандарды тиімді тартады және қабылдай алады.

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің тізбесін қалыптастыру қағидаларымен 21 кәсіптің тізбесі бекітілген. Бұл тізімге дәрігерлер, жекелеген мамандықтар бойынша инженерлер, бактериолог, ақпараттық технологиялар инфрақұрылымының және бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторлары, өндірістік оқыту шебері және т. б. кірді. Алайда, аталған мамандықтарға ие болу мұндай шетелдік мамандардың бір мезгілде жоғары білікті екенін білдіре алмайды. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама "сұранысқа ие кадрлар" және "жоғары білікті мамандар" сияқты ұғымдарды анықтамайды. Яғни, кадрлардың сұранысқа ие санаты әрқашан жоғары білікті бола бермейді, - деді Амангелді Толамисов.

Сенатор осыған байланысты халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, Үкімет басшысына дарынды жаңа жастарды тарту және қолдау үшін арнайы платформа құру мәселесін қарауды ұсынды. ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде жоғары білікті шетелдіктер мен олардың отбасылары үшін салықтық жеңілдіктер көзделуі тиіс. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандары үшін жеңілдетілген визаларды мүмкіндігінше ұзақ мерзімге енгізу керек деді ол.

Еске салсақ, Ондаған мамандықтың ІТ мамандары Қазақстанға жұмысқа шақырылатыны туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин/@senate_kz
Өзгелердің жаңалығы