Депутат «Самұрық-Қазынаға» тиесілі еншілес компанияның тиімсіздігін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутат Әлімжан Құртаев Сенаттың жалпы отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады. 

8 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша тапсырама берді. Қазіргі таңда Қазақстанның химия өнеркәсібін дамыту үшін зор мүмкіндік бар. Мысалы, 2009 жылы «Самұрық-Қазына» қоры «Біріккен химиялық компания» ЖШС-ны құрды. Қазір оның тиімділігі күмән тудырады. Оның қызметінің негізгі мақсаты - капиталға қатысу арқылы Қазақстанда жаңа химия өндірістерінің дамуына жәрдемдесу. Бұл компанияның жұмысы үшін қомақты қаржы бөлінді, оның басым бөлігі - Ұлттық қордан, - деді ол. 

Депутат компания барлық кезеңде 21 жобаны жүзеге асыруы керек болатын. Алайда олар тек 6 жобаны жүзеге асырған. 

Химия саласындағы жобаларды басқару тиімділігі төмен деңгейде. Бұл салада тиісті мемлекеттік органдармен үйлестіру шаралары мен жүйелі жұмыс жоқ. Бүгін химия өнеркәсібіне терең, сапалы талдау жасап, нақты бағыттарды анықтайтын уақыт келді. Осы саладағы барлық инвестициялық жобалар мұқият іріктелуі тиіс. «Біріккен химиялық компания» ЖШС-нің одан әрі жұмыс істеуінің орындылығын қарастыруды және осы саладағы уәкілетті органдардың, ғылыми мекемелер мен қауымдастықтардың қатысуымен химия саласын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру қажет, - деді депутат. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы