Депутат: Қарапайым адамдардың мүддесін қорғау керек
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Заң жобасы бойынша баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлы құжат кәсіпкерлік қызметті жақсарту мақсатымен әзірленгеніп атап өтті.
Жұмыс тобының заң жобасымен жұмыс істеуі барысында депутаттар кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жақсартуға, мемлекеттік бақылау жүйесін ретке келтіруге, оларды жүргізудің ашықтығын арттыруға бағытталған түзетулер енгізді, – деді депутаты.
Болатбек Нажметдинұлының айтуынша, сауда базарларын жаңғырту мерзімдерін ұзарту, яғни мерзімді 2023 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ауыстыру ұсынылады. Бұл заң алдында екі рет ұзартылған.
Бұл мәселе бойынша тұтынушылар мен сауда нүктелерінде жұмыс істейтін қарапайым адамдардың мүдделерін қорғау жөнінде депутаттар арасында қызу талқылау өтті.
Осы қолайсыз жағдайдың туындағаны - мемлекеттік органдар мен уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың өз жұмысына немқұрайлықпен қарағандығының көрсеткіші, – деді Нажметдинұлы.
Сонымен қатар депутат мерзімдердің ұзартылуына байланысты ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында сауда базарларын жаңғырту бойынша Мәжілістің арнайы отырысын өткізуді сұрады.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік қызметті басынан бастап жаңадан реттеуді ендіруге бағытталған түзетулер енгізілді. олар әкімшілік кедергілер мен артық талаптарды қысқартуды көздейді, – деді депутат.
Заң жобасы бойынша 1680 түзету келіп түсті, олар елу отырыста, оның ішінде жұмыс тобының қырық бес отырысында және Комитеттің бес кеңейтілген отырысында қаралды.
Айта кету керек, заң жобасы 2023 жылдың 8 қарашасында бірінші оқылымда мақұлданды.