Депутат: Қаңтар оқиғасының түбінде жатқан жарасы – әділетсіздік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенат депутаты Дана Нұржігіт AMANAT партиясының «Бір Толқында» пікірталас алаңында өткен жастарға Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум өткізудің маңызын түсіндіру барысында айтты.

Референдум – өз өмірімізді өзіміз жасауға дауыс беру. Басқа Қазақстанды ешкім бізге сырттан келіп жасап бермейді. Барлығын өз еркімізбен шешіп, ортақ талқылаудан өткен соң өз мемлекетімізді өзіміз құруымыз керек. Бүгінде әлеуметтік желіде "Қазақстан мынандай болу керек" деген даулы мәселе көтеріліп жатады. Ал шынында, ондай пікірталас, пікір алуандығы, көзқарастың бір орында түйісуі Парламентте жүруі керек, - деді Нұржігіт.

Депутат айтқандай, Референдум арқылы халықтың саяси мәдениеті де жаңа желіге көтеріледі.

Біздің ең басты мақсатымыз – әділетті Қазақстан құру. Қаңтар оқиғасының ең басты себебі, түбінде жатқан ауыр жарасы – әділетсіздік. Әділетсіздік, жұмыссыздық, әлеуметтік мәселенің шешілмеуі де бар. Әділетті Қазақстанға апаратын бірінші жол – адам құқығының тапталмауы,- деді Дана Нұржігіт.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы