Депутаттар Паралимпиадалық орталыққа барды
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Астана қаласында Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында паралимпиялық орталығындағы мүгедектігі бар спортшылармен және еңбек ұжымымен кездесті.
Аталған орталық өткен жылы «Туған жер» арнайы бағдарламасы шеңберінде ашылған. Бүгінгі таңда мүгедектігі бар жандарға арналған көлемі төрт мың шақырымды құрайтын орталықта арбамен би билеу, отырып волейбол ойнау, грек-рим күресі, еркін күрес, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, жүзу, пауэрлифтинг, үстел теннисі, футбол, таеквондо, асық ату, дзюдо, бочча және голбол сияқты түрлі спорт түрлері жан-жақты дамыған.
Кездесу барысында Паралимпиада ойындары бойынша оқу орталығының қызметі туралы бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, мүгедектерді қолдауға бағытталған қаланың логистикалық инфрақұрылымы, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін «инватакси» қызметін ұсыну және оны қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, осы іс-шарада біршама ұсыныстар айтылды. Олар паралимпиялық орталық базасында инклюзивті спорт түрлерін құру және Еуразия Ұлттық университетінің Дене шынықтыру және спорт факультетінің базасында «спорттық дәрігер» және «спорттық психолог» саласындағы оқу бағдарламаларын әзірлеу.
Өз кезегінде, депутат Ж. Омарбекова айтылған ұсыныс-пікірлерді назарында алатынын жеткізді.