29 Қыркүйек 2025 2025, 09:43
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Депутат Оқу-ағарту министрі болды
Оқу-ағарту министрі лауазымына Жұлдыз Сүлейменова тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқу-ағарту министрі лауазымына Жұлдыз Сүлейменова тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс Оқу-ағарту министрі лауазымына Жұлдыз Сүлейменованың кандидатурасына келісім берді.
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі лауазымына Жұлдыз Сүлейменованың кандидатурасы келісілді.
Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды.