Депутат: Олар қазақ тілін мазақ қылса, кім жауап береді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлбетте кәсіпкерлерге қолдау көрсетуіміз қажет, бірақ олар қазақ тілін мазақ қылса, оған кім жауап беруі керек?! Парламент депутаты Берік Әбдіғалиұлы осылай деді.

Экономикамыз дамысын, елдің әл аухаты артсын. Бірақ ұлттық намысымызды таптауға, ана тілімізді мазақ қылуға ешкімге де жол бермеуіміз керек. Осы мәселені Мәжілістегі «Көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасын дайындау барысындағы жұмыс тобында көтердік. Себебі, соңғы жылдары көшелердегі, әр түрлі тауарларда, жарнамалар жазылған көрнекі ақпараттың дұрыс ресімделмеуіне қатысты азаматтардың өтініштері саны өсуде. Негізінен ол мәтіндер аудармасының мағынасы, мазмұны бойынша сәйкес келмеуі және тек бір тілде, әдетте, орыс тілінде орналастыруға байланысты - дейді ол.

Осыны бақылау кезінде ҚР «Тіл туралы» Заңы бойынша жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген болатын. 

Бірақ 2018 жылы кәсіпкерлікті қолдау жұмыстары аясында ол құзыреттi алып тастаған. Сол уақыттан бері, Тіл комитетінің дерегі бойынша 2018 жылы – 12 886, 2019 жылы – 12 900 өтініш түскен. Кеше арнайы жұмыс тобында қарастытып, әріптестерімізбен бірге осы бақылау құзырын қайтару бойыншы үкіметке ұсынысымызды жібердік. Алдағы уақытта басқа да ұсыныстарымызды жұмыс барысында таныстырып отырамыз - дейді Берік Әбдіғали.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы