Депутат Мұхтар Ерман Мәжілістен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мұхтар Ерманның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов Мұхтар Ерман қызметінен кетуге өз еркімен өтініш бергенін айтты.

Парламенті Мәжілісі депутаты Мұхтар Ерман міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына «ҚР Парламенті және оның депутаттары мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабы 3) және 8) тармақтарына сәйкес Парламент Мәжілісі депутаты Мұхтар Тілдәбекұлы Ерманның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, - деді Шавхат Өтемісов.

Депутаттар ұсынылған мәселе қатысты тиісті қаулыны қабылдады. Бұған дейін Мәжіліске жаңа депутат келгенін хабарлаған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы