Депутат мемлекеттік нысандар арзан бағамен жекешелендіріліп жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында депутат Бекболат Орынбеков мәлімдеді. 

Айтуынша, мемлекеттік нысандар арзандатылған бағамен жекешелендірілуде. Мемлекеттік меншіктің нарықтық бағадан 15 есе төмен бағамен жеке меншігіне өткен фактілер тіркелген.  

Есеп комитетінің деректеріне сәйкес 2021 жылдың қорытындысы бойынша құны нарықтық бағадан 21%-ға төмен 218 объект сатылды. Нарықтық құны – 74,3 млрд теңге, сату құны – 59 млрд теңге. Бірқатар өңірлер бойынша сату құнын айтарлықтай төмендету фактілері байқалады. Мәселен, Жамбыл облысында нарықтық құны мен сату құны арасындағы айырмашылық 15 есе. Алматы қаласы бойынша - 3,2 есе, Алматы облысы бойынша - 2,4 есе, – деген наразылығын білдірді сенатор.

Сенатор квазимемлекеттік сектор нысандарын сатуда да осындай фактілер бар деп отыр. Депутат бұл жағдай жекешелендіру үдерісінің төмен тиімділігін көрсететінін ескеріп, министрлер кабинетінің мүшелерінен осы жағдайға назар аударуды сұрады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк 2022 жылдың соңына қарай инфляция 13-15% деңгейінде болатыны туралы болжам айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы