Депутат медқызметкерлерге санаттары үшін ақы төлеу мәселесін жедел шешуді сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова медқызметкерлерге санаттары үшін ақы төлеу мәселесін жедел шешуді сұрап, Үкіметке депутаттық сауал жолдады.
Денсаулық сақтау Министрілігі қоғаммен бірлесіп медицина қызметкерлеріне санаттары үшін ақы төлеу жөнінде келісім жасады. Дұрыс тенденция. Дегенмен келісім жасалғанымен санаттарға төлеу мәселесі шешілген жоқ. Өз кезінде, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен медициналық мекемелер арасында жыл басында келісімшарт жасалады. Бірақ жаңа тарифтер тек сәуірде жетеді, - дейді депутат.
Осының нәтижесінде кейбір медицина ұжымдары артық жұмыс істесе, ол өтелмейді. Бұл медицина мекемеге басым көпшілігіне үлкен зиян әкеледі.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев медицина саласының қызметкерлеріне жалақыны 30%-ға арттыру жөнінде тапсырма берді. Бірақ тариф қайшылығына байланысты бұл тапсырма толық орындалмай отыр. Өйткені барлық ауыртпалық медицина мекемесіне жүктелген. Мекеменің өзін дамытуға аз қаражат қалады, - деп атап өтті Нұрымова.
Сөзінше, қазіргі танда бұл медицина саласының өзекті мәселесі болып отыр.
AMANAT фракциясы тарифтерді жылдың басында бекітуді, медицина мекемесіне жалпы жасалған қызметіне қарай ақы төлеуді, медицина қызметкерлеріне санаттары үшін ақы төлеу мәселелерін жедел шешу керек деп есептейді, - деп ұсынысын айтып, мәжілісмен Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдады.