Депутат Маңғыстау облысының жағдайын шешетін арнайы комиссия құруды ұсынды

Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешуге арналған арнайы Үкімет комиссиясын құруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұсабаев осы мәселеге қатысты депутаттық сауалын Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдады.

Былтыр қаңтар айында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысындағы жағдайды реттеуге арналған Үкіметтік комиссия құрылған болатын. Комиссия өңірде өз деңгейінде нәтижелі жұмыс жасай алмады. Оған дәлел, Маңғыстау өңіріндегі жиі-жиі туындап отырған әлеуметтік наразылықтар, - деп айтты депутат.

Мәжіліс депутаты Үкімет деңгейінде Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешуге арналған арнайы Үкімет комиссиясын құруды ұсынды.

Үкіметтік комиссия Маңғыстау облысында қордаланған барлық мәселелерді анықтап, тиісті шешімдер қабылдап, нақты нәтижелерге қол жеткізуі қажет, - деп айтты ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы