Депутаттар Түркістан облысында партиялық конференцияға қатысты

Түркістан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары аймақтарға сапары барысында «Нұр Отан» партиясы, Отырар аудандық филиалының кезектен тыс ХХХVIІ конференциясына қатысты.

Жиынға қатысушылар  еліміздегі негізгі саяси күш – «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толғанын ерекше айта келіп,  ұйым Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасын басшылыққа ала отырып, заман талабына сай жаңа биіктерді бағындырып келе жатқанына тоқталды. Осы ретте «Партиялық жаңғырудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары» бекітілген.

Мәжіліс депутаты Майра Айсина бастауыш партия ұйымдары әрдайым партияның алғы шептегі қозғаушы күші болғандықтан, оларға жүктелетін жауапкершіліктің де зор екенін алға тарта келіп, партияның 20 жыл ішіндегі жетістіктеріне тоқталды.

Сонымен бірге, Президентіміздің мемлекетті дамыту жолындағы бастамаларын заңдық тұрғыдан қамтамасыз ету жолында атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде   баяндады.

Конференция барысында Мемлекет Басшысының  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру барысы туралы айтылып, «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелері талқыланды.

Шара соңында «Нұр Отан» партиясы,  Түркістан облыстық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы