Депутат Қазақстаннан және басқа елден қосарланған зейнетақы алып жүргендер туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Екатерина Смышляева зейнетақы саласында алаяқтық схемалары барын айтып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің атына сауал жолдады.
Оның сөзінше, жыл сайын мемлекеттің зейнетақы төлеу бөлігіндегі әлеуметтік міндеттемелерін орындауға мемлекеттік бюджеттен 2 трлн теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Алайда соңғы уақытта әлеуметтік қамсыздандыру саласында алаяқтық схемалар көбейе бастады.
Ол елімізден тыс жерде тұратын және Қазақстан Республикасында заңсыз мемлекеттік қолдауды пайдаланып жүрген басқа мемлекеттің қолдауына ие болған азаматтардың жаңа санатына назар аудару қажет екенін айтты. Депутаттың айтуынша, зейнетақыны қосарланған түрде алып жүргендер бар.
Бұл азаматтарға қойылатын талаптардың саны мен көлемі күн сайын артып келеді. Айыппұлдың орташа мөлшері 6 млн теңгеге жетеді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес Қазақстан аумағында тұрақты тұратын азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы алуға құқығы бар. Осыған ұқсас норма Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепілдіктері туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамасында қолданылады, - деп айтты Екатерина Смышляева.
Депутат атап өткендей, тура осы құжат төлемдерді тоқтату тәртібін де реттейді. Шарттың 7-бабына сәйкес зейнеткер келісімге қатысушы мемлекеттердің шегінде қоныс аударған кезде, егер сол түрдегі зейнетақы мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, бұрынғы тұрғылықты жері бойынша зейнетақыны төлеу тоқтатылады.
Бірақ бұлай болмай тұр. Бұл адамдар басқа елде өмір сүре тұра, ұзақ уақыт бойы Қазақстанның зейнетақы төлемдерін алуды жалғастырып келеді. Сондай-ақ бұл азаматтар зейнетақыны жаңа тұрғылықты жері бойынша рәсімдеп алады. Мәселе мынада, зейнетақы төлеу қызметін банктер клиенттердің карточкалық шоттарына проактивті түрде жүргізеді. Келісімге қатысушы мемлекеттерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткен және зейнетақыны тіркеу кезінде зейнетақы төлемдерін алушылар кету, азаматтықты өзгерту туралы зейнетақы заңнамасының сақталуын бақылау жөніндегі уәкілетті органға және банктерге хабарламайды, - дейді Мәжіліс депутаты.
Оның сөзінше, проактивті төлемдерді енгізу кезінде адам басқа елге көшкен кезде олардың тоқтатылуын қамтамасыз еткен дұрыс. Бірақ бұл көші-қон және шекара қызметтері мен зейнетақы төлемдерінің әкімшісі арасында жүйелі ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап етеді.
Азаматтың елге келгеннен кейін халықаралық шартта зейнетақы алуын ресімдегені туралы хабарлау бөлігінде өзара әрекеттестік қарастырылмаған. Мұндай кері байланыс басқа мемлекетте төлемдерді уақтылы тоқтату үшін жеткілікті болар еді, - дейді Смышляева.
Депутаттар жоғарыда көтерілген мәселелер негізінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныстарын жеткізді:
- зейнетақы тағайындау және төлеу жөніндегі мемлекеттік қызметке талдау жүргізу және нормативтік олқылықтар туралы толық ақпарат беру;
- Көші-қон қызметімен бірлесе отырып, зейнетақы алушының елінен кету фактісін тіркеу мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдерін әзірлеу және енгізуді қамтамасыз ету;
- Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп технологияларды дамытуды ескере отырып, халықаралық келiсiмнiң нормаларын қайта қарауға бастамашылық жасасын.